Надежданың күйеуі Дмитрий Морозов ерлер арасында масс-стартта сынға түсіп, жартылай финалдан өте алмады.
ERNUR.KZ. Бейжің Олимпиадасында әйелдер арасында масс-старт жарысы басталды, деп жазады kaz.nur.kz
Жартылай финалда ел намысын Надежда Морозова қорғады. Екінші топта өнер көрсеткен отандасымыз сегізінші орынға ие болып, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.
Финал Нұр-Сұлтан уақытымен 15.00-де басталады. Тікелей эфирді Хабар арнасы ұсынады.
Айта кетейік, Надежданың күйеуі Дмитрий Морозов ерлер арасында масс-стартта сынға түсіп, жартылай финалдан өте алмады.