Бейжің Олимпиадасында Абайдың әні шырқалды

0
617

Васильевтің бапкері Стефан Ламбель - марқұм болған қазақстандық спортшы Денис Теннің досы еді.


Бейжің Олимпиадасында Абайдың әні шырқалды

ERNUR.KZ. Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильев 2022 жылғы Олимпиададағы қысқа бағдарламада Абай Құнанбайұлының "Айттым сәлем, Қаламқас" әнімен өнер көрсетті, деп жазады Vesti.kz.

Васильев бұл сында 85,30 балл жинап, аралық жетінші орын иеленді. Бейсенбі, 10 ақпанда ерлер арасында еркін бағдарламадан жарыс өтеді.

Қаңтар айында Васильев Еуропа чемпионатында қола жүлде жеңіп алған. Бұл оның карьерасындағы ең биік көрсеткіш және Латвияның мәнерлеп сырғанау тарихында бұрын болмаған жетістік. Васильев үшін Бейжің ойындары карьерасындағы екінші Олимпиада. 2018 жылы Пхенчханда ол 19-орын алған.



Айта кетейік, Васильевтің бапкері Стефан Ламбель - марқұм болған қазақстандық спортшы Денис Теннің досы еді. Абайдың әні сол үшін таңдалса керек.