Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

0
607

Кәсіпқой бокс кеші Атырау қаласында өткізілді.


Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

ERNUR.KZ. Қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп жазады ҚазАқпарат.

Кәсіпқой бокс кеші Атырау қаласында өткізілді. Бұл жарыста Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде Танзаниядан келген 28-жастағы боксшы Ибрагим Маоколуге қарсы шаршы алаңға шықты. Қазақстандық спортшы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Б.Нұрдәулетов 1998 жылдың 10 сәуірінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. 2019 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында 81 келі салмақта сынға түсіп, төрт дүркін әлем чемпионы атанған кубалық Хулио Сесар ла Крустан финалда басым түсіп, алтыннан алқа тақты.

Б.Нұрдәулетов алдағы уақытта Токио олимпиадасында ойын көрсетуге мүмкіндік алды. Еліміздің олимпиада комитеті оған кәсіпқой бокста бақ сынауға рұқсат берді. Пандемияға байланысты әзірге елімізде әуесқой бокс бойынше ешқандай жарыс өткізіліп жатқан жоқ.

Бұдан бұрын әуесқой бокстан ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.