Сәбилер 30 мамыр мен 17 маусым аралығында дүниеге келген.
ERNUR.KZ. "Сток сити" ағылшын клубының ойыншысы Сайдо Бераино 1,5 ай ішінде үш әйелге үш бала туғызды, деп жазады sputniknews.kz.
Сәбилер 30 мамыр мен 17 маусым аралығында дүниеге келген. Футболшының бұрынғы қалыңдығы Стефания Кристофору 30 мамыр күні ұл босанды. Туу туралы куәліктегі "әкесі" деген жерде Бераиноның есімі жазылған.
Екінші сәбидің анасы – есімі жасырылған африкалық медбике. Ол 15 шілде күні футболшыдан қыз туды. Бераино бұл қыздың заңды әкесі емес. Алайда әйел қазір футболшымен келіссөздер жүргізіп, араға қорғаушыларды салып отыр.
Футболшыға үшінші сәбиді Челси есімді модель ару туып берді. 17 шілде күні берілген туу туралы куәлікте сәбидің әкесі Бераино екені жазылған.
Тамыз айында форвард 913 күнде алғаш рет гол соқты. Бұған дейін 2016 жылдың ақпан айында "Вест Бромвичпен" ойнаған кезде ғана соққан-ды. Бераино 48 ойын бойы көзге түспеді. "Сток Ситиге" 2017 жылдың қаңтар айында ауысты.