Жарыстың алғашқы күні Жайна Шекербекова шаршы алаңға шықты.
ERNUR.KZ. Түркияның Стамбул қаласында бокстан халықаралық "Босфор" жарысы басталды, деп жазады Olympic.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде 51 келіде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Жайна Шекербекова жарысты сәтті бастады. Алғашқы кездесуде ол румыниялық спортшыны жеңіп, келесі айналымға өтті. Сонымен қатар, Валентина Хальзова әзірбайжандық қарсыласын ұтты.
Өкінішке қарай, Лаура Есенгелді жарысты бірінші айналымнан аяқтады. Ал әйелдер құрамасының мүшесі Надежда Рябец кіші жарақатына байланысты жарысқа қатыспайды.