Бокстан ӘЧ: Қазақстан құрамасының капитаны венесуэлалық "Машинаны" жеңді

0
626

67 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Жүсіпов "Машина" лақап атымен танымал венесуэлалық Кристиан Паласиомен кездесті.


Бокстан ӘЧ: Қазақстан құрамасының капитаны венесуэлалық

ERNUR.KZ. Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жеңісіне қолжеткізді, деп жазады Tengrinews.kz.

67 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Жүсіпов "Машина" лақап атымен танымал венесуэлалық Кристиан Паласиомен кездесті. Жеңіс төрешілер бірауыздан қабылдаған шешім бойынша қазақстандыққа берілді.

"Жақсы дайындалдық. Бапкерлер күш салды. Оларға рақмет айтамын. Солардың тактикасы арқасында жеңіске жеттік", - деді Абылайхан Жүсіпов.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық Серік Теміржанов (57 келіге дейін) 2021 жылғы әлем чемпионатында жапон Рейто Цуцумиді жеңіп, 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазын тізе бүктіріп, екінші жеңісіне қолжеткізген болатын.