Бокстан ӘЧ: Мәдина Нұршаева ширек финалға өтті

0
427

Қазақстандық боксшы 1/8 финалда оңтүстіккореялық Хонген Чоймен жұдырықтасты.


ERNUR.KZ. Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Мәдина Нұршаева ширек финалға өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстандық боксшы 1/8 финалда оңтүстіккореялық Хонген Чоймен жұдырықтасты.

Мәдина бірден жекпе-жек тізгінін қолға ала білді. Үшінші раундта тіпті қарсыласын нокдаунға жіберді. Төрешілер шешімі - 5:0, жеңіс М.Нұршаеваның пайдасында.

Тағы бір қазақстандық Жазира Орақбаева бүгін жарыс жолынан шығып қалды. Ол 52 келіге дейінгі салмақта үндістандық Сакши Сакшиге есе жіберді - 0:5.

Бүгін сондай-ақ Жайна Шекербекова (54 кг) өзбекстандық Нигина Уктамовамен, Валентина Хальзова венесуэлалық Мариэлис Ирисамен шаршы алаңға шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Надежда Рябецтің келесі кезеңге өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимованың бастапқы жекпе-жегін өткізетіні хабарланды.

Өкінішке қарай, екі дүркін әлем чемпионы Н.Қызайбай кеше күтпеген жерден жеңіліп қалды.