Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

0
480

Чемпионат алғаш рет 12 салмақ дәрежесі бойынша өтті.


Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

ERNUR.KZ. Щучинск қаласында бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп жазады inbusiness.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алматы қаласының өкілі Алуа Балқыбекова топ жарды. Әнел Құдайберген күміспен күптелсе, Ақбота Болат пен Гасимова Роксана қола жүлдені өзара бөлісті.

Жалпы командалық есепте Нұр-Сұлтан командасы жеңіске жетті. Олардың еншісінде 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде бар. Екінші және үшінші орындарды Шымкент пен Алматы қалаларының командалары өзара бөлісті. Олар 3 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдені жеңіп алды.