Бокстан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде 1-орынды иеленді

0
168

Ел қоржынына 5 алтын және 3 қола медаль түсті.


Бокстан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде 1-орынды иеленді

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Нидерландының Эйндховен қаласында өткен Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын иеленді, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша ел қоржынына 5 алтын және 3 қола медаль түсті.
Алтын медаль:
1. Даниял Сәбит
2. Абылайхан Жүсіпов
3. Ерасыл Жақыпбеков
4. Дәулет Төлемісов
5. Нұрлан Сапарбай
Қола жүлде:
1. Ертуған Зейнуллинов
2. Сабыржан Аққалықов
3. Сағындық Тоғамбай.
Айта кетері, Абылайхан Жүсіпов финалда өзбекстандық Асадходжа Муйдинходжаевты жеңді. Алайда Өзбекстан бокс федерациясы Абылайхан Жүсіповтің жеңісін мойындамады.
"Қазақстандық боксшы жарақат алып қалып, жекпе-жек бірінші раундтан кейін тоқтатылды. Раунд тең өтті, төрешілер түсініксіз шешім қабылдап, 2:3 есебімен жеңісті Қазақстанға берді", – деп жазылған Федерацияның ресми мәлімдемесінде.