Бразилияның атақты футболшысы "Қайратқа" келді

0
688

Бірнеше апта бұрын 35 жастағы шабуылшы бразилиялық «Коринтианспен» келісімшартты бұзып, еркін агент мәртебесіне ие болған еді.


Бразилияның атақты футболшысы

ERNUR.KZ. Бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав алматылық «Қайрат» сапына ауысатынын жариялады, деп жазады Prosports.kz.


«Жаңа сынаққа өте қуаныштымын», - деп жазды Вагнер Лав өзінің Instagram парақшасында.




Бірнеше апта бұрын 35 жастағы шабуылшы бразилиялық «Коринтианспен» келісімшартты бұзып, еркін агент мәртебесіне ие болған еді. Ойыншының Мәскеуге ЦСКА-ға оралғаны туралы ақпарат болды, бірақ ауысу жүзеге аспады.

Вагнер Лав өзінің мансабында «Палмейрас», ЦСКА, «Фламенго», «Шаньдун Лунэн», «Коринтианс», «Монако», «Аланьяспор» және «Бешикташ» командаларында ойнаған. Бразилия құрамасы үшін ол 20 матч өткізіп, төрт гол соқты.