Бакудегі Еуропа Лигасының финалында «Челси» «Арсеналдан» 4:1 есебімен басым түсті.
ERNUR.KZ. «Арсенал» мен «Челси» арасындағы матч 4:1 есебімен көктердің пайдасына шешілді, деп жазады prosports.kz.
Финалдық ойын Әзербайжан астанасы - Баку қаласында өтті. Олимпиадалық стадионға жиналған 70 мыңға жуық жанкүйер қызықты ойынды тамашалауға мүмкіндік алды.
Бірінші кезеңде «Арсенал» басым болды. Артынша «Челси» ойын тізгінін қолға алған. Екінші кезең бастала салысымен көктер есеп ашты. Ойынның 49-минутында «Челси» шабуылшысы Оливье Жиру баспен гол соғып, командасын алға шығарды. 60-минутта Педро Родригес есепті еселеді. 65-минутта «Арсенал» қақпасына пенальти белгіленген. Оны Эден Азар мүлткісіз орындады. Бұдан кейін «Арсенал» ойыншылары алға ұмтылды. Олардың қатарынан 69-минутта Алекс Айуоби есеп айырмасын қысқартқан. Десе де 72-минутта «Челси» тағы бір гол соғып кетті. Авторы - Эден Азар.Осылайша «Челси» «Арсеналдан» 4:1 есебімен басым түсті.
Енді 2 маусым күні Испания астанасында Чемпиондар лигасының финалы өтеді. Ақтық сайыста Англияның тағы екі клубы «Ливерпуль» пен «Тоттенхэм» кездеседі.
ЧЕЛСИ - АРСЕНАЛ - 4:1 (0:0).