Нәтижесінде 90 – минутта Мұртазаев «Астананың» екінші голына авторлық жасап есепті теңестіріп кетті – 2:2
Еуропа Лигасының жаңа 2018 – 2019 жылғы маусымы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
«K» тобынан орын алған Елорданың «Астана» клубы 1 – турда Киевте «Динамо»ға қарсы ойын өткізді. Матчты украиналық футболшылар қарқынды бастап, 11 – минутта есепті ашты. Цыганковтың алыстан бағыттаған соққысынан соң доп, Ненад Эричтің қақпасынан орын алды. Бірақ, біздің футболшылар аянып қалмай жылдам қарымта голымен жауап берді. Араға 10 минут салып, Аничич есімін таблоға жаздырды – 1:1. Үзіліс алдында алаң қожайындары жанкүйерлеріне қуаныш сыйлап, екінші голды соқты. Қақпашымыз Эрич допты ұстай алмай қателікке бой алдырған кезде Гармаш мүмкіндіктен пайдаланып, есепті 2:1 ге жеткізді.
Екінші таймда «Астана» клубының футболшылары қарсыластарына қарағанда әлде қайда жоғары деңгейде ойын көрсетті. Сол үшінде «Динамо» командасын сынға алғандардың дені көп болды. Нәтижесінде 90 – минутта Мұртазаев «Астананың» екінші голына авторлық жасап есепті теңестіріп кетті – 2:2. Топтағы екінші матчта Францияның «Ренн» ұжымы Чехияның «Яблонец» клубын 2:1 есебімен жеңді.