Допингпен ұсталған қазақстандық ауыр атлет Олимпиада жүлдесінен айырылмайды

0
569

Ауыр атлет допинг пайдаланғаны үшін 8 жылға спорттан шеттетілді.


Допингпен ұсталған қазақстандық ауыр атлет Олимпиада жүлдесінен айырылмайды

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева допингпен ұсталған Игорь Сон Олимпиада медалінен айырылмайтынын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Ауыр атлет допинг пайдаланғаны үшін 8 жылға спорттан шеттетілді. Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиеваның айтуынша, ауыр атлеттің былтырғы сынамасы оң нәтиже көрсеткен.
"ВАДА-ның халықаралық ережесіне сәйкес, жоғары нәтиже көрсетіп жүрген кәсіби спортшылар, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері үнемі допинг тест тапсырып отырады. Осыған байланысты 2022 жылы 2 наурызда Жетісу облысында өткен турнир кезінде Игорь Соннан сынама алынды. Ол допингтің бар екенін көрсетті. ВАДА стандарты бойынша сынамалар бірнеше рет қайта тексерілді. Соның нәтижесінде спортшы 2022 жылғы 8 наурыздан 2030 жылдың 28 наурызына дейін 8 жылға спорттан шеттетілді", - дейді Әбдуәлиева.
Ал Игорь Сонның Токио Олимпиадасы кезінде тапсырған сынамасы таза шыққан.
"Сондықтан Олимпиаданың қола медалі, ақшалай сыйақы мен пәтер қайтарылмайды", - деп атап өтті министрліктің ресми өкілі.
Айта кетері, Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасында 8 қола медал жеңіп алды. Біреуін ауыр атлет Игорь Сон иеленді.