Допты хоккейден финалдық турнир: «Ақжайық» екінші ойынында есе жіберді

0
506


Допты хоккейден финалдық турнир: «Ақжайық» екінші ойынында есе жіберді

ERNUR.KZ. Иркутск қаласында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында өтіп жатқан бүкілресейлік жарыстың финалдық бәсекесінде Оралдың «Ақжайығы» екінші ойынын өткізді, деп жазады kaz.inform.kz.




Бұл жолы оралдықтар «Енисей-2» (Красноярск) командасына қарсы келді.

Тартысты өткен бірінші таймда бастапқыда «Енисей-2» 2:0 есебімен алға кеткенімен, Николай Шавалдиннің шәкірттері таразы басын теңестіре алды – 2:2. Бірақ бірте-бірте красноярскілік клубтың басымдылығы байқалды – 6:3.

«Ақжайықтан» әуелі Нұрбол Бөкешов мергендігімен көзге түссе, содан кейін Максим Пахомов екі голдың авторы атанды.

«Енисей-2»-ден Антон Савлюк 3, Матвей Лышко, Максим Иванов, Игорь Середкин бір-бірден гол соқты.

Батысқазақстандық клуб А тобында 3 ұпаймен әзірге үшінші орында тұр. «Ақжайық» ертең «Кузбасс-2» (Кемерово) командасымен күш сынасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын допты хоккейден финалдық турнирде «Ақжайықтың» алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.