Екатерина Быкова ауыр атлетикадан Беларусьтағы турнирде «алтын» алды

0
764

71 келі салмақта сынға түскен спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 210 келіні бағындырды.


Екатерина Быкова ауыр атлетикадан Беларусьтағы турнирде «алтын» алды

ERNUR.KZ. Ауыр атлетикадан Беларусь елінде өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Екатерина Быкова жеңіске жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, 71 келі салмақта сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 210 келіні бағындырды (93+117). Күміс жүлдені польшалық Иоланта Вьор (195 келі), қола медальді израильдік Марина Оман (175 келі) иеленді.

Ауыр атлетикадан Alexander Cup рейтингілік турнирі Гродно қаласында өтуде. Бұған дейін 55 келідегі Зүлфия Чиншанло қола жүлде жеңіп алған болатын.

Қазақстан намысын қорғауға келесі атлеттер аттанғанын жазған болатынбыз:

Нижат Рахимов - 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде,

Денис Уланов - 81 келіге дейін, Игорь Сон - 55 келіге дейін,

Зүлфия Чиншанло - 55 келіге дейін,

Екатерина Быкова – 71 келіге дейінгі салмақ санатында.