Екі миллион еуро тұратын шабуылшы "Астанадан" кетіп қалуы мүмкін

0
739

Ол биыл үш ойынға қатысып, екі гол соқты.


 Екі миллион еуро тұратын шабуылшы

ERNUR.KZ. "Астана" клубының шабуылшысы Пиерос Сотириу егер ел біріншілігі тағы да кейінге шегерілетін болса, елордалық командадан кетуі мүмкін, деп жазады kaz.vesti.kz.

Дереккөздің мәліметі бойынша, 27 жастағы Кипр құрамасының шабуылшысы басқа клубқа жалға кетуі мүмкін. Шабуылшыны кипрлік "Омония" клубы бір жылға "Астанадан" жалға алып, жалақысының жартысын төлеуге дайын екен.

Негізі футболдан Қазақстан премьер-лигасы 3 тамыз басталуы керек. Бірақ мұның өзі нақты емес. Биылғы маусымда Сотириу үш кездесуге қатысып, екі гол соқты.

Сотириу "Астана" сапына 20 ақпан күні қосылды. Елордалық клуб шабуылшымен үш жылдық келісімшарт жасаған. Transfermarkt ақпараты бойынша, "Астана" шабуылшыны екі миллион еуроға сатып алыпты.