Елена Рыбакина "Ролан Гарросқа" қатысудан бас тартты

0
565

Қазақстандық теннисші күтпеген жерден Ролан Гарростағы ойыннан бас тартты, деп жазды бұқаралық ақпарат құралдары.


Елена Рыбакина

ERNUR.KZ. Теннистен Қазақстан құрамасының көшбасшысы, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемнің 132-ші ракеткасы Сара Соррибес-Тормоға қарсы ойыннан бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлады испаниялық спорт журналисі Фернандо Руиз, деп жазады sputnik.kz.

Белгілі болғандай, бас тартуға спортшының сырқаттанып қалуы себеп болған.

"Кеше өзімді нашар сезіндім. Дене қызуым көтерілді. Бүгін де өзімді нашар сезініп тұрмын. Мұндай күйде ойнау қиын болады. Дене қызуым көтеріліп, басым ауырып тұр, ұйқым дұрыс болмады", - деген қазақстандық спортшының сөзін "Спорт Шредингера" Telegram-арнасы жариялады.

"Екінші матчтан кейін ауру белгілерін сезе бастадым. Жолым болмады. Мен негізгі маусымға дейін сауығып кетуге тырысамын. Жоспар бойынша Берлин, Истбурн және Уимблдонда ойнауым керек еді", - деді Рыбакина.