Елімізде киберспорт ресми түрде спорт түрі деп танылды

0
2 166

Киберспорт дүние жүзіндегі ең серпінді дамып келе жатқан жаңа спорт түрінің бірі болып табылады.


Елімізде киберспорт ресми түрде спорт түрі деп танылды

фото strimi.pl

Еліміздегі киберспорттың дамуын қолдау аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігі «Qazaq Cybersport Federation» бейінді федерациясын аккредиттеуден өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Былтырғы жылы киберспорттың ынтагерлерімен құрылған «Qazaq Cybersport Federation» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Федерация), Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің тарапынан танылып, қолдауға ие болды.

Федерация киберспорттық қоғамдастық пен мемлекеттің негізгі серіктесі ретінде қазақстандық киберспорттың бар ресурстарын шоғырландыру үшін және Қазақстан киберспортшылардың әлеуетін халықаралық деңгейде іске асыру мақсатында жаңа мүмкіндіктерді беру үшін құрылды.

Атап өткенде, Министрліктің осы ұйымды қолдаудың себебі құрылған кезден бастап «Qazaq Cybersport Federation» республикалық қоғамдық бірлестігі үлкен ұйымдастырушылық жұмысты атқарып үлгерді.

Қазіргі уақытта Федерацияның 9 филиалдары ашылды: Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ, БҚО, ШҚО, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл және Қарағанды облыстарында, сонымен қатар бүкіл Республиканың аумағында басқа да филиалдардың ашылуы жоспарлануда.

Федерация Алматы және Астана қалаларында ғана емес, ауылдық жастардың да әлеуетін дамытуға жеке көңіл бөлуге мақсат қояды.

Бүгінгі таңда киберспортты дамытудың кешенді мақсатты бағдарламасы әзірленіп, халықаралық бейінді ұйымдардың мүшелігіне кіру жұмыстары жүргізілді. Ресми түрде танылған және аккредиттеуден өткен Федерация қазіргі таңда ресми түрде еліміздің мүддесіне халықаралық алаңдарда өкілдік етуге құқықты. Федерацияның интернет-ресурсы — www.qcf.kz

Айта кеткенде, елімізде халықаралық деңгейде елеулі табыстарға жеткен бірнеше қазақстандық топтар бар. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігі Федерациямен бірлесіп, халықаралық кибераренадағы бәсекелестікке дайын қазақстандық топтарға өз қолдауын көрсетеді.

Анықтама үшін:

Киберспорт дүние жүзіндегі ең серпінді дамып келе жатқан жаңа спорт түрінің бірі болып табылады. Киберспортты спорт түрі ретінде ресми түрде таныған елдердің саны өсуде, оның ішінде АҚШ, Германия, Ресей және оңтүстік-шығыс Азия елдері. 2017 жылдың Қазан айында Халықаралық Олимпиада Комитеті киберспортты олимпиадалық спорт түрі ретінде тану мәселесін қарастыруға қабылдады. Сарапшылардың есептеріне сәйкес, 2017 жылы киберспорттың халықаралық нарық айналымының көлемі $655 млн., ал болжам бойынша 2021 жылға қарай оның айналымы $1,6 млрд асады. Киберспорттық жарыстардың аудиториясы 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 15%-ға 165 млн адамға дейін өсті, ал 2021 жылы ойын турнирлердің көрермендер саны шамамен 300 млн. адамға жуық болады деп болжамдалуда.