Еліміздің бокс құрамасының бапкерлеріне сөгіс жарияланды

0
696

Қазақстан бокс федерациясының бапкерлер кеңесі Екатеринбургте өткен әлем чемпионатын сараптай келіп, осындай шешімге келді.


Еліміздің бокс құрамасының бапкерлеріне сөгіс жарияланды

ERNUR.KZ. Ғалымбек Кенжебаев бастаған бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер қауымына сөгіс жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан бокс федерациясының бапкерлер кеңесі Екатеринбургте өткен әлем чемпионатын сараптай келіп, осындай шешімге келді.

Бұл шешімді қабылдауға әлем чемпионатының жартылай финалындағы Василий Левит пен эквадорлық боксшы арасындағы жекпе-жек қорытындысы себеп болған. Левиттің жанындағы бапкерлер кездесу қорытындысына наразылық танытып, жекпе-жек аяқталғаннан кейінгі 60 секунд ішінде төрешілерге шағым түсіруі қажет еді. Ереже бойынша сары қағаз кездесу аяқталғаннан кейінгі бір минут ішінде қабылданады. Алайда қазақстандық бапкерлер бұл құқықты пайдалана алмады, ал қайта айналып келгенде бәрі де кеш еді.

«Біз боксшылардың жеке бапкерлері мен федерация басшылығын түгел шақырып, мұндай жағдайда федерация мен бапкерлердің не істеу керектігін түсіндірдік. Бұл болашақта қателікті қайталамау үшін қажет. Әрі қарай жоспар дайындаймыз. 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дейін небәрі төрт ай уақыт қалды. Боксшылар мен бапкерлердің және федерацияның жауапкершілігі үлкен», - деді Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Юрий Цхай.