Спортшы 500 метр қашықтықта ең жоғары нәтиже көрсетті.
фото: Минтуризма и спорта Казахстана/Сали Сабиров
ERNUR.KZ. Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп жазады sputnik.kz.
Спортшы 500 метр қашықтықта ең жоғары нәтиже көрсетті. Оның мәреге жеткен уақыты – 34,52 секунд.
Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді – 34,70 секунд. Қола медаль польшалық Марек Канияға бұйырды – 34,76 секунд.