Фол жасағаны үшін ойыннан шығарылған қазақстандық футболшы жылап жіберді

0
662

Владислав Васильев бұрынғы испаниялық «Барселона» мен ағылшындық «Арсеналдың» ойыншысы Александр Глебке фол жасап, ойын ережесін бұзды.


Фол жасағаны үшін ойыннан шығарылған қазақстандық футболшы жылап жіберді

ERNUR.KZ. Құрамында қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев өнер көрсететін брестік «Динамо» Беларусь чемпионаты турының 28-ші матчында «Ислочьямен» ойнап, жеңіліп қалды (1:1), деп жазады ҚазАқпарат.

Артем Милевский 23-ші минутта «Динамоны» алға шығарса, 33-ші минутта алаң иелері бір гол салды - Александр Макась ерекше көзге түсті. 72-ші минутта брестіктер құрамында тек он адам қалды: қызыл карточканы ойын басталғанда алаңға шыққан Васильев алды – ол бұрынғы испаниялық «Барселона» мен ағылшындық «Арсеналдың» ойыншысы Александр Глебке фол жасап, ойын ережесін бұзды.

Владислав ойыннан шығып қалған соң жылап жіберді. Видеоны төменнен қарауға болады (4:29 минутта). Осылайша, брестік «Динамо» мерзімінен бұрын Беларусь чемпионы бола алмады, бірақ чемпионаттың ақтық сынына дейінгі екі турда жақсы нәтиже көрсетті – бес ұпайы бар.