Барлық ойындар көрермендерсіз өтеді.
ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан премьер-лигасы 1 шілдеден қайта жалғасатын болды, деп жазады baq.kz.
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің келісімі бойынша ел чемпионаты футбол матчтарын өткізу кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша әзірленген нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, 2020 жылғы 1 шілдеде қайта басталады. Осы құжатта баяндалған санитарлық талаптар Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты қосымша қатаңдатылды. Барлық ойындар көрермендерсіз өтеді, стадионда қызмет көрсететін қызметкерлер саны техникалық минимумға дейін шектеледі, - делінген Қазақстан кәсіпқой лигасы таратқан хабарламада.
Айта кетейік, 2020 жылғы Қазақстан премьер-лигасы наурыз айында алғашқы екі турдан кейін төтенше жағдайға байланысты тоқтап қалған болатын.