Футболдан Әлем чемпионатына 13 құрама мерзімінен бұрын жолдама алды

0
178

Бұл тізімде жарысты ұйымдастырушы үш ел: АҚШ, Канада мен Мексика бар.


Футболдан Әлем чемпионатына 13 құрама мерзімінен бұрын жолдама алды

Фото: olympics.com

ERNUR.KZ. 2026 жылғы Әлем чемпионатының басталуына тура бір жыл қалды, қазіргі таңда 13 құрама әлемдік доп додасына мерзімінен бұрын жолдама алды, деп жазады inbusiness.kz.

Төртжылдықтың ең басты аламанына бағы жанған Иран, Жапония, Иордания, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Аустралия, Аргентина, Бразилия, Эквадор мен Жаңа Зеландия елдерінің құрамалары еніп отыр. Бұл – Өзбекстан мен Иордания үшін дебюттік жарыс. Жеребе тарту рәсімі осы жылдың желтоқсан айында өтеді.

Футболдан әлем чемпионатының басталуына тура бір жыл қалды. Осыған орай Мексикада қызу дайындық басталды. Ұйымдастырушылар чемпионатқа дейін қанша күн қалғанын көрсетіп тұратын арнайы санақ сағатын таныстырды. Доп додасы АҚШ, Канада, Мексикада өтеді. Оған алғаш рет 48 құрама қатысады деп жоспарланып отыр. Іріктеудің бірінші ойыны Мексикада, финал 19-шілде күні АҚШ-та өтеді.