Эпидемиологиялық жағдай ушығып жатса, аталған үзіліс созылуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан Чемпионаты уақытша тоқтатылды, - деп жазады тengrinews.kz.
"Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына және COVID-19 вирусымен ауырған адамдар санының өсуіне байланысты коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу Мемлекеттік комиссиясының шешімімен елде 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнге созылатын бірқатар шектеулер енгізілді. Шектеу талаптары бойынша спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты шектеу шаралары тағы да 2 аптаға созылуы немесе күшейтілуі мүмкін", - делінген хабарламада.
Эпидемиологиялық жағдай ушығып жатса, аталған үзіліс созылуы мүмкін.