​Футзалдан Чемпиондар лигасы финалындағы «Қайраттың» қарсыласы анықталды

0
172

Жартылай финал ойындары 2-ші мамырда өтеді.


​Футзалдан Чемпиондар лигасы финалындағы «Қайраттың» қарсыласы анықталды

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

ERNUR.KZ. Алматылық «Қайрат» командасының футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды, деп жазады inform.kz.

Төрттіктің финалы деп аталып кеткен жарыс сатысында ол жартылай финалда Испанияның «Картахена» командасымен шеберлік байқасады. Жеңген жағдайда «Пальма» (Испания) және «Спортинг» (Португалия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Жартылай финал ойындары 2-ші мамырда өтеді. Ал финал 4 мамырға белгіленген.
Алматылық команда бұған дейін 20 мәрте бақ сынап үлгерді. Бұл Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.
«Қайрат» 2012/13, 2014/15 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында жеңіс тұғырына көтерілген.
Еске салсақ, бұдан бұрын олар Хорватия астанасы Загреб қаласында Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде хорватиялық «Футзал Динамоны» 5:1, «Олмиссумды» 1:0. словакиялық «Мимел Лученецті» 4:2 есебімен тізе бүктірді.