Бакуда өте жинақы ойын өрнегін көрсетті
ERNUR.KZ. лттық құрама әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі үшінші ойында жеңіске жетіп, өз тобында жеке дара көш бастады, деп жазады inbusiness.kz .
Бұған дейін Румынияны 4:3, Нидерландыны 2:0 есебімен жеңген еді.
Футзалшыларымыз Бакуда өте жинақы ойын өрнегін көрсетті. Алғашқы болып гол жіберіп алғанымен, есеңгіреп қалмады.
Біржан Оразов 23-минутта есепті теңестірсе, Дуглас Жуниор 27-минутта есепті еселей түсті. Дәурен Тұрсағұлов 36-минутта қарсыластың сағын сындырарлық гол салды. Лео 39-минутта ойын тағдырын шешіп тастады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Әзірбайжаннан 4:2 есебімен басым түсті.