Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанға жетті

0
298

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне қатысу үшін Өзбекстанға барды.


Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанға жетті

ERNUR.KZ. Биыл 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатында ел құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасады, деп жазады inform.kz.

Аталған сында ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды. Атап айтқанда, Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор өнер көрсетеді.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.

Қазақстандық футзалшылар бұдан бұрын жолдастық кездесуде Тәжікстан құрамасымен екі мәрте жолдастық кездесуде 4:3, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Одан кейін Иран құрамасынан алдымен 3:0 есебімен басым түсіп, екінші кездесуде 1:1 есебімен тең тарқасты.

Сондай-ақ ел құрамасы жолдастық кездесуде Аргентинаны 3:2 есебімен жеңді.