​Германия Ұлттар лигасының финал айналымына шыға алмады

0
1 272

Йохан Левтың шәкірттері Францияға қарсы өткен кездесудің 14 – минутында Тони Кроостың пенальтиден соққан голынан соң есепті ашқан болатын.


​Германия Ұлттар лигасының финал айналымына шыға алмады

Футболдан Еуропа ұлттар лигасының 4 – тур матчтары өтті деп, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«А» лигасының 1 – тобынан орын алған Германия құрама командасы 4 ойында бар жоғы 1 ұпай жинап, турнирдің финалдың айналымынан қапы қалды. Йохан Левтың шәкірттері Францияға қарсы өткен кездесудің 14 – минутында Тони Кроостың пенальтиден соққан голынан соң есепті ашқан болатын.
Бірақ, екінші таймда олардың қуанышы су сепкендей сейілді. 62 – минутта Антуан Гризманн мүмкіндікті мүлт жібермей таразы басын теңестірді. 80 – минутта Гризманн пенальтиден екінші голын соғып, Франция құрама командасына 2:1 есебіндегі жеңісті сыйлады.
Осылайша Германия құрама командасы 1 ұпаймен топта соңғы орынды иеленіп тұр. Олар келесі ойынын өз алаңында Голландия құрама командасына қарсы өткізеді. Егер, жеңіске жете алмайтын болса, 2014 жылы Әлем чемпионы атанған құрама команда Ұлттар лигасының «В» лигасына түсіп кетеді.