Гимнастшы Роза Абитова Израильде өткен турнирде қола медаль жеңіп алды

0
882

Көпсайыс қорытындысы бойынша Роза 70.25 ұпай жинап, қола медальға қол жеткізді.


Гимнастшы Роза Абитова Израильде өткен турнирде қола медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Көркем гимнастикадан Израильдің Холон қаласында өткен халықаралық турнир қазақстандық Роза Абитова үшін сәтті аяқталды. Ол үздік үштік қатарына енді, деп жазады Olympic.kz.

Көпсайыс қорытындысы бойынша Роза 70.25 ұпай жинап, қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, ол ұршық, доп және таспамен жаттығуда үшінші орын иемденді.

Холондағы турнир ресейлік Дарья Приданникованың жеңісімен аяқталды. Екінші орында болгариялық Татьяна Воложанина.