"Қайрат" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

0
117

Алматылық клубтың ойыншылары соңғы минуттарда жеңісті қарсыласынан жұлып алды.


Фото: fckairat.com

ERNUR.KZ. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Қайрат" өз алаңында черногориялық "Сутьеску" клубымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Бірінші таймда кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Екінші тайм тартысқа толы болды. 76-минутта Исмаил Бекболаттың берген пасына бірінші болып жеткен бразилиялық легионер Лукас Африко есеп ашса, 90-минутта қонақтар шабуылшысы Марко Мрвалевич таразы басын теңестірді.

Төреші қосқан қосымша минутта (90+2) тағы сол Исмаил Бекболаттың пасын бұл жолы Марк Гуаль голға айналдырды.

Қарымта ойын Черногорияда 16 шілдеде өтеді. Жеңіске жеткен команда іріктеу кезеңінің екінші айналымына жолдама алады.