ERNUR.KZ. Футзалдан қазақстандық «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының негізгі сатысындағы үшінші ойынын Испанияның «Пальма» командасына қарсы өткізді, деп жазады inform.kz.
«Қайрат» үшінші топта сынға түседі. Қарсыластары - Испанияның «Пальма», Венгрияның «Халадаш» және Люксембургтің «Дифферданж» командалары.
Испаниялық клуб - Еуропадағы тәжірибелі ұжымның бірі. Өткен жылы Чемпиондар лигасында бас бәйгеге ие болды.
Сондықтан бірінші кезеңде испаниялық футзал шеберлері Ромуло 2, Бруно Гомес 14, Фабиньо 15-минутта «Қайрат» қақпасына үш гол соғып үлгерді.
Екінші кезеңде «Пальма» сапынан Клебер автогол авторы атанса, «Қайрат» ойыншысы Кайо Руис 29-минутта есеп айырмасын қысқартты.
Ал «Пальма» сапынан 38-минутта тағы бір гол соғылса, 39-минутта алматылық Дәурен Тұрсағұлов қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Қайрат» қарсыласына 3:4 есебімен есе жіберді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» Люксембургтің «Дифферданж» клубын 4:2 есебімен сүріндірсе, Венгрияның «Халадаш» командасымен 2:2 есебімен тең ойнады.
Бұл топтан «Пальма», «Қайрат», «Халадаш» элиталы сатыға жолдама алды.
Элиталық саты ойындары биылғы 28 қараша - 3 желтоқсан аралығында өтеді.