​"Қайрат" өзінің жаңа бас бапкерін таныстырды

0
1 148

Бұл жайында клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.


​

ERNUR.KZ. Алматылық "Қайрат" футбол командасы өздерінің жаңа бас бапкерін таныстырды, деп жазады NUR.KZ.

Бұл жайында клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.

"Қайраттың" бас бапкері болып 30 жастағы белоруссиялық маман Алексей Шпилевский сайланған.

Ал оның көмекшісі ретінде Христос Пападопоулос пен Томми Яниген тағайындалған.

Жаңа бас бапкер командамен танысып, оларды Қазақстан Кубогындағы жеңісімен құттықтады.

Айта кетейік, Алексей Шпилевскийдің мансабы жеті жыл бұрын басталған.