"Шахтерге" қарсы кездесуде Вагнерді зембілмен алып кетті.
ERNUR.KZ. Алматылық "Қайраттың" шабуылшысы Вагнер Лав Конференция лигасындағы "Базель" командасына қарсы кездесу қатыса алады. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады, деп жазады kaz.vesti.kz.
Инсайдердің ақпараты бойынша, шабуылшының "Шахтер" командасына қарсы кездесуде алған жарақаты ұатты ауыр емес.
"Шахтерге" қарсы кездесуде Вагнерді зембілмен алып кетті. Бұл ойыннан 72-минутында қарағандылық команданың қорғаушысы Абдель-Азиза Ламанжмен соғысқаннан кейін болды. Бірақ Вагнердің жарақаты ауыр емес. Ол бейсенбі күні "Базель" командасына қарсы кездесуге қатыса алады", - деп жазды дереккөз.
Еске салайық, "Қайрат" алдағы "Базельге" қарсы кездесуін 30 қыркүйек күні Швейцарияда өткізеді.