Айта кетейік, қазақстандық боксшы рингке бір жылдай уақыт шыққан жоқ.
ERNUR.KZ. Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) келесі жекпе-жегін кейінге шегерді, деп жазады Vesti.kz.
Қанаттың бастапқыдағы қарсыласы 23 жастағы Гонсало Кория (16-3, 6 КО) болатын, алайда онымен өзге қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) жұдырықтасатын болды.
Одан кейін қазақ боксшы "Пантера" лақап атты 32 жастағы мексикалық Хесус Гурроламен (27-3-15, 14 КО) кездесу өткізуң керек еді, бірақ, боксшының визамен қиындықтары туындаған.
Қазақстандық боксшы болса қазір АҚШ-та жекпе-жекке дайындығын жалғастырып жатыр.
BoxRec мәліметінше, Ислам 16 қазан Плант-Сити қаласындағы бокс кешінде жекпе-жекке шығуы керек болған.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы рингке бір жылдай уақыт шыққан жоқ. 2019 жылдың 26 қазаны Алматыда өткен WBO International титулы үшін кейінгі жекпе-жегінде ол намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген.