"Канело" карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

0
666

18 шілдеде орта салмақта WBA (Super) мен WBC (Franchise) және екінші орта салмақта WBA (Regular) титулының иегері 30 жасқа толады.


ERNUR.KZ. Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

18 шілдеде орта салмақта WBA (Super) мен WBC (Franchise) және екінші орта салмақта WBA (Regular) титулының иегері 30 жасқа толады.

"Меніңше, 36 жас - карьераны аяқтайтын жақсы мерзім. Көп болса, 37 жас. Тәртіп, еңбекқорлық және бар күшімді салуым жоғалған жоқ. Уақыт өте жалғыз өзгергені - менің жетістіктерім. Қазір боксқа жаңа келген кезімдегідей әлі де күн сайын жаттығамын. Бокс - бұл өмірім. Денем жекпе-жекті аңсайды. Кездесу жоспарланса да, жоспарланбаса да, жаттығу жасаймын. Себебі бұл істі жақсы көремін. "Зейнетте" не істеймін? Өзімді бизнеске арнап, күн сайын гольф ойнаймын", - деді Альварес Box Azteca-ға берген сұхбатында.

Еске салайық, Альварес кәсіпқой боксқа 2005 жылы қазанда 15 жасында келген. Соңғы 15 жыл ішінде ол төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болды.