Қарағандылық ауыр атлет серпе көтеруден ел рекордын жаңартты

0
1 007

Бұған дейін әлем чемпионы Илья Ильин 108 кило көтеріп еді.


Қарағандылық ауыр атлет серпе көтеруден ел рекордын жаңартты

ERNUR.KZ. Ауыр атлетикадан 102 келілік салмақ дәрежесінде сынға түскен Артем Антропов ел рекордын жаңартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасөспірімдер арасында құрлық чемпионы атаған қарағандылық ауыр атлет ел біріншілігіне тыңғылықты дайындалған секілді. Жұлқа көтеруде 157 ұпай жинаған Артем Антропов екінші жаттығуға дағдыланғанын байқатты. Үш кезекті де ұтымды пайдаланған Артем 216 килоны серпе алды. Бұл жаңа рекорд. Бұған дейін әлем чемпионы Илья Ильин 108 кило көтеріп еді. Антропов өз салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанғанын да айта кетейік.