Қарсыласына қарап әдейі жөтелген футболшы алаңнан қуылады

0
638

Бірақ төрешілер гол соққанына қуанған ойыншылар арасындағы әлеуметтік қашықтықтың сақталуына жауап бермейді және алаңда түкіргені үшін жазаламайды.


Қарсыласына қарап әдейі жөтелген футболшы алаңнан қуылады

ERNUR.KZ. Футболдан Англия чемпионатының төрешілері қарсыласының немесе матчтың ресми тұлғасына қарап әдейі жөтелген футболшыларды алаңнан қуады, деп жазады ҚазАқпарат.

Англия футбол ассоциациясы коронавирусқа байланысты шектеу енгізілген кезде матч ұйымдастырушылары мен лауазымды тұлғаларға арналған нұсқаулығы бар құжат дайындады.

Тармақтардың бірінде қарсыласқа немесе ресми тұлғаға әдейі жөтелгені үшін ойыншылар алаңнан қуылатыны жазылған. Бірақ төрешілер гол соққанына қуанған ойыншылар арасындағы әлеуметтік қашықтықтың сақталуына жауап бермейді және алаңда түкіргені үшін жазаламайды.

Футболдан Англия чемпионатының жаңа маусымы 12 қыркүйекте басталады.