Қазақ футболының аңызы спорттық мансабын аяқтады

0
1 709

Достық ойыннан кейін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев футболшыға салтанатты түрде көліктің кілтін табыстады.


Қазақ футболының аңызы спорттық мансабын аяқтады

Танымал футболшы Самат Смақов спорттық мансабын аяқтады. Ол соңғы ойынын Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионында өткізді деп хабарлайды Bnews.kz сайтына сілтеме жасаған ERNUR.KZ.

Спортшы мансабын ерекше аяқтау үшін соңғы матчында екі бірдей командада өнер көрсетті.

Алаңда "Смақовтың достары" және "Ақтөбе ардагерлері" атты екі команда кездескен.

Достық ойыннан кейін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев футболшыға салтанатты түрде көліктің кілтін табыстады.

Одан бөлек, Самат Смақовқа "8" нөмірі жазылған футболка сыйлады. Енді бұл нөмір осы футболшыға тиесілі болмақ.