Қазақстан Бейжіңдегі Қысқы олимпиада ойындарын бастады

0
746

Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де шығады.


Қазақстан Бейжіңдегі Қысқы олимпиада ойындарын бастады

ERNUR.KZ. 3 ақпанда Қазақстан құрамасы XXIV қысқы Олимпиада ойындарында өнер көресете бастайды. Сайыс алаңына бірінші болып шығу құрметі фристайл-могул командасына бұйырды, деп жазады Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де шығады. Сайысты Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.

Іріктеу кезеңіне бірден алты спортшымыз қатысады.

Әйелдер құрамасының сапында 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Юлия Галышева, әлем чемпионатының қола жүлдегері Анастасия Городок, Аяулым Әмренова және Олеся Граур бар.

Жарыстың ерлер құрамасында әлем кубогінің жүлдегері Дмитрий Рейхерд пен әлем чемпионатының қола жүлдегері Павел Колмаков өнер көрсетеді.

Финалдық раундқа өту үшін спортшылар іріктеу нәтижесі бойынша үздік ондыққа кіруі керек.

Финалдық раунд пен жүлдегерлерді анықтау сайысы ерлер арасында 5 ақпанда, әйелдер арасында 6 ақпанда өтеді. Финалдық раунд Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де басталады, Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.