Өткен бірнеше маусымның көшбасшысы Марин Томасовтың "құны" соңғы бір жылда бұл көрсеткіш бойынша екі есеге дейін төмендеген.
ERNUR.KZ. Transfermarkt мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы ең бағалы футболшы белгілі болды. Ол – "Қайрат" футбол командасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски, деп жазады sputniknews.kz.
Поляк футболшысының трансферттік "құны" қазіргі таңда 2,5 миллион еуроға дейін бағаланып отыр.
Екінші орында "Қайрат"-тың тағы бір футболшысы – украиналық Адеринсола Эсеола тұр – 2,2 миллион еуро.
Үшінші орынға "Астана" сапында өнер көрсететін хорваттардың бұрынғы көшбасшы Марин Томасов жайғасты. Оның трансферттік "құны" бір жылдың ішінде 3,8-ден 2 миллион еуроға дейін "арзандаған".
Қазақстандық премьер-лиганың ең қымбат ондығына кірген футболшылар:
1. Яцек Гуральски ("Қайрат", Польша) - 2,5 миллион еуро;
2. Адеринсола Эсеола ("Қайрат", Украина) - 2,2 миллион еуро;
3. Марин Томасов ("Астана", Хорватия) - 2 миллион еуро;
4-5. Раде Дугалич ("Қайрат", Сербия) - 1,8 миллион еуро;
4-5. Дмитрий Шомко ("Астана", Қазақстан) - 1,8 миллион еуро;
6-8. Дорин Ротариу ("Астана", Румыния) - 1,7 миллион еуро;
6-8. Пиерос Сотириу ("Астана", Кипр) - 1,7 миллион еуро;
6-8. Дино Миканович ("Қайрат", Хорватия) - 1,7 миллион еуро;
9-12. Стас Покатилов ("Кайрат", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;
9-12. Роман Мұртазаев ("Тобыл", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;
9-12. Нұрәлі Әліп ("Қайрат", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;
9-12. Тигран Барсегян ("Астана", Армения) - 1,5 миллион еуро.
Еске сала кетейік, Томасов бірнеше ауысым бойы рейтингтің көшбасында тұрды, қазір оның трансферттік "құны" 3,8 миллионнан 2 миллионға дейін түсіп кеткен.