Қазақстан-Франция матчына жанкүйерлердің кіруіне рұқсат берілді

0
2 708

10 мыңға дейін жанкүйер стадионға кіре алады.


Қазақстан-Франция матчына жанкүйерлердің кіруіне рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу бәсекесі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Францияны қабылдайды. Бұл ойынға жанкүйерлер кіруі мүмкін, деп жазады baq.kz.

Әлем чемпионатының Еуропа құрлығы бойынша D тобындағы алғашқы 28 наурызда «Астана Аренада» басталады. Қазақстанға әлем чемпионы Франция құрамасы қонаққа келеді.

Қазақстан футбол федерациясы елорданың санитарлық дәрігерімен келіссөз жүргізді. Осы ойынға жанкүйерлер кіргізу мәселесі қарастырылды. Егер барлығы дұрыс болып жатса, стадионның 30 пайызына дейін көрермен кіруіне рұқсат беріледі. Ең бастысы, санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Алдағы 10-12 наурызда билеттер сатылымға шығуы тиіс, - делінген ҚФФ-ның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

«Астана Арена» стадионы 30 мың көрерменге арналған. Яғни 10 мыңға дейін жанкүйер стадионға кіруге рұқсат беріледі.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 2022 жылдың 21 қарашасы мен 18 желтоқсаны аралығында Катарда өтеді. Әлем чемпионатына Еуропадан іріктеу кезеңіндегі топтардың жеңімпазы тікелей жолдама алады. Сонымен қатар екінші орын алған 12 құрама және Ұлттар лигасының екі жеңімпазы қалған үш жолдаманы өзара сарапқа салады.