Қазақстан футболшылары Англия командасын 2:0 есебімен жеңді

0
1 488

Қазақстандық футболшылар Еуропа чемпионатында ағылшындарды ойсырата ұтты


Қазақстан футболшылары Англия командасын 2:0 есебімен жеңді

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының құрамасы әуесқойлар арасындағы мини-футболдан Еуропа чемпионатында 3-орын алды, деп жазады Sputnik.

Киевте әуесқойлар арасындағы мини-футболдан Еуропа чемпионаты өз мәресіне жетті, жарысқа Ескі құрлықтың 16 мықты құрамасы қатысқан. Қазақстан ұлттық құрама командасы қатарында Ақмола облысы Астрахань балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебінің футбол бапкері Мейрам Тигумбаев қатысты.

Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Албания (1:0) мен Ирландияны (3:0) ұтып, Болгария мен Босния және Герцеговина командаларымен тең түсті (қос матч та 1:1 есебімен аяқталған).

Ширек финалда отандастарымыз сербтерді 2:1 есебімен ұтып, жартылай финалда Румыния құрамасына қарсы шықты. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталғанымен, пенальти бойынша қарсыластар басым түсті — 1:3.

Үшінші орын үшін болған матчта Қазақстан құрамасы ағылшындарды 2:0 есебімен ұтты. Командаға жеңіс голын сыйлағандар: Дидар Сыдықбек пен Ержан Жарылқағанов.

Сонымен, жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді. Турнир жеңімпазы – ақтық сында Румыния командасын ұтқан Чехия құрамасы.