ҚПЛ-де ол төрт клубта ойнады.
ERNUR.KZ. 33 жастағы белоруссиялық футболшы Иван Садовничий "Неманмен" келісімшартқа отырды, деп жазады vesti.kz.
Келісім маусым соңына дейін есептелген. 2014 жылы қорғаушы Қазақстан чемпионатында - "Тобыл", "Шахтер", "Жетісу" мен "Қайсар" ойнаған. 2019 жылы қызылордалық командамен ел Кубогын иеленген.
Садовничий "Неман" сапында бұрын да ойнаған - 2013-2014 жылдар. Сонымен қоса, белоруссияда ол "Белкард" пен "Витебск" сапында өнер көрсеткен.
"Неман" өткен маусымда 16 команда арасында бесінші болды.