Қазақстан құрамасы алғаш рет шахматтан олимпиада жүлдесін жеңіп алды

0
327

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан 45-ші Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.


Қазақстан құрамасы алғаш рет шахматтан олимпиада жүлдесін жеңіп алды

ERNUR.KZ. Шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы өз тарихында алғаш рет күміс жүлде жеңіп алды, деп жазады stan.kz.

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан 45-ші Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Біздің команда соңғы турда АҚШ-пен 2-2 есебімен тең түсіп, 18 ұпай жинады. Ал Олимпиаданың фавориті Үндістан әйелдер мен ерлер арасындағы жарыста алтыннан алқа тақты.

Әйелдер құрамасында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Әмина Қайырбекова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман сынға түсті. Олимпиадада 1 және 2-орын алған ойыншыларға "Еңбек сіңірген спорт шебері" атағы беріледі.

Айта кетейік, бүкіләлемдік шахмат олимпиадасы 2 жылда бір өтеді. Осыған дейінгі дода Үндістанның Ченнай қаласында өтіп, Қазақстан әйелдер командасы (Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Гүлісхан Нахбаева, Ксения Балабаева, Назерке Нұрғали) 352 ұпаймен үздік бестікті түйіндеген еді.