Еліміздің намысын 9 спортшы қорғап жатыр. Азия біріншілігі 26 ақпанға дейін жалғасады.
ERNUR.KZ. Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында велотректен ересектер арасында 43-ші, жасөспірімдер арасындағы 30-шы, пара-спортшылар арасындағы 12-ші Азия чемпионаты басталды, деп жазады zakon.kz.
Бəсекенің алғашқы күні із кесу жарысында Қазақстан ерлер құрамасы (Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов) командалық жарыста қола жүлдеге қол жеткізді.
Олардың уақыт көрсеткіші - 4:03.129 секунд. Алтын медаль Жапония құрамасының еншісінде болса, күміс Қытай еліне бұйырды.
Сары құрлық додасына биыл 23 елдің үздіктері жиналды.
Еліміздің намысын 9 спортшы қорғап жатыр. Азия біріншілігі 26 ақпанға дейін жалғасады.