Қазақстан спортшысы Дүниежүзілік универсиададан алтын жеңіп алды

4
1 308

Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Универсиадада студент-спортшыларымыз Қазақстан үшін 1 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.


Қазақстан спортшысы Дүниежүзілік универсиададан алтын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Таэквондист Рита Бакишева Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды түсірді, деп жазады zakon.kz.

"Сүйінші! Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті. Таэквондист Бакишева Ританың чемпиондық атағы тек өзі үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін мақтаныш болары сөзсіз", - деп жазды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің Telegram-дағы каналына.

Айта кетейік, сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Универсиадада студент-спортшыларымыз Қазақстан үшін 1 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Жалпы командалық есепте біздің құрама 10 орында.

Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына дзюдодан екінші қола жүлдені Асқар Нарқұлов салғанын хабарлаған едік.