Қазақстан жас боксшылары әлем чемпионатында топ жарды

0
262

Қазақстан құрамасының нәтижесі: 6 алтын, 1 күміс, 10 қола.


Қазақстан жас боксшылары әлем чемпионатында топ жарды

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. 22 қазан мен 3 қараша аралығында Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты қазақстандық боксшылар үшін сәтті аяқталды, деп жазады sputnik.kz.
Біздің құрама осы турнирде алғаш рет жалпы есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Қазақстан құрамасының нәтижесі: 6 алтын, 1 күміс, 10 қола.
Алтын медаль алғандар: Боранбек Бексұлтан (51 келі) Төрехан Сабырхан (67 келі) Өнер Сейілхан (71 келі) Санжар-Али Бегалиев (75 келі) Елянур Турганова (50 келі) Аружан Зейноллаева (81 келі).
Жалпы есеп:
1. Қазақстан — 6 алтын, 1 күміс, 10 қола
2. Өзбекстан — 5 алтын, 5 күміс, 3 қола
3. Ресей — 5 алтын, 2 күміс, 1 қола
4. Қытай — 3 алтын, 3 күміс, 4 қола