Қазақстан жастар құрамасы Өзбекстанмен жолдастық матч өткізеді

0
142

Ойындар 12 және 14 қазан күндері Ташкент қаласында өтеді.


Қазақстан жастар құрамасы Өзбекстанмен жолдастық матч өткізеді

Фото: ҚФФ

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы ресми түрде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы U-21 жасөспірімдер құрамалары арасында екі жолдастық кездесу өткізу жөнінде келісімге келді.

Ойындар 12 және 14 қазан күндері Ташкент қаласында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан U-21 құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде D тобында өнер көрсетіп жатыр. Бұл топта біздің команда Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларымен бақ сынайды.

5 маусым күні Астанада өткен ойында Қазақстан Андорраны 1:0 есебімен жеңді. Алдағы матчтарда қазақстандық жастар 8 қыркүйекте Англиямен, ал 9 қазанда сырт алаңда Андоррамен кездеседі.

Іріктеу кезеңі 2026 жылдың 6 қазанында аяқталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін алматылық "Қайрат" футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Финляндияның КуПС командасын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған болатын. Енді олар Словакияның "Слован" клубымен шеберлік байқасады. Алғашқы кездесу 5 тамызда Алматыда, ал қарымта матч 12 тамызда Братиславада өтеді.