Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.
ERNUR.KZ. Моңғолия астанасы Ұланбатырда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстан ерлер құрамасы Азия біріншілігінен алты алтын медальмен оралды. Азия чемпионы атанғандар мыналар: Мұхамметсабыр Базарбайұлы, Махмұт Сабырхан, Бейбарыс Жексен, Дархан Дүйсебай, Тоғамбай Сағындық және Аманат Сабырғали.
Қазақ жастарының финалдағы жекпе-жектерінің нәтижесі:
49 кг. Мұхамметсабыр Базарбайұлы — Селай Сой (Үндістан) — 4:1
52 кг. Махмұт Сабырхан — Суктет Суравут (Таиланд) — 5:0
56 кг. Бейбарыс Жексен — Хуршидбек Расулжонов (Өзбекстан) — 5:0
64 кг. Дархан Дүйсебай — Жавлонбек Юлдошев (Өзбекстан) — 5:0
75 кг. Азамат Бектас — Сухробжон Каимов (Өзбекстан) — 1:4
91 кг. Тоғамбай Сағындық — Амиршох Самадов (Өзбекстан) — 5:0
+91 кг. Аманат Сабырғали — Ю Донг Жин (Оңтүстік Корея) —5:0.