Қазақстан жеңіл атлетика тарихында бірінші рет ӘЧ алтынын жеңіп алды

0
627

Тарихи жетістіктің авторы - қазақстандық спортшы Нора Джеруто. Кенияның тумасы Джеруто Қазақстанға 2017 жылы көшіп келген.


Қазақстан жеңіл атлетика тарихында бірінші рет ӘЧ алтынын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының тарихында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Vesti.kz.

Бұл Орегондағы (АҚШ) әлем чемпионатында болды. Тарихи жетістіктің авторы - қазақстандық спортшы Нора Джеруто. Ол 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден бірінші орын алды. Ол қашықтықты 8:53,02-де жүгіріп шықты.

Осылайша, Қазақстан жеңіл атлетикасы тарихында әлем чемпионатында алғаш рет алтын медаль иеленді.

Екінші және үшінші орындарды Эфиопия өкілдері Веркуха Гетачью (8:54,61) мен Мекидес Абебе (8:56,08) иеленді.

Еске салайық, Кенияның тумасы Джеруто Қазақстанға 2017 жылы көшіп келген. 2022 жылы ол әлем чемпионатында Қазақстан атынан шығуға ресми рұқсат алған.